ГУ Областной противотуберкулезный диспансер Карагандинской области Қарағанды облысының туберкулезге қарсы қызмет
 

Қазақстан жаңалықтары

Қарағанды облысының әкімдігі алғашқы болып өз ботын іске қосты 16.08.2016

Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің баспасөз қыземеті әлеуметтік желілерде #уәдеkrggovkz хештегін іске қосты.

«Кейде қарапайым халық: «Уәдең қайда?» дегенде, атқарушы билік: «Біз орындадық!» деп жауап бергісі келеді. Жауап бере алады да. Бірақ айналамыздағы ең маңызды немесе аса маңызды емес оқиғалар бізден тысқары қалады. Ендеше, уәде берілді ме, нәтижесін де, орындалуын да #уәдеkrggovkz хештегі арқылы бірге бақылайық»-деп әлеуметтік желілерде үн тастадық.
Аталған хештег бойынша алғашқы жазбада «Көкпекті көпірі 30 тамызда ашылады деп уәде берілді #уәдеkrggovkz»-деп жазылған. Енді аймақ тұрғындары уәденің орындалуын біркісідей бақылайтын болады. Сондай-ақ облыс тұрғындары өздері де жоғарыдағы хештег бойынша жазба қалдыра алады.
Сонымен қатар Н.Әбдібековтің баспасөз қызметі әкімдіктер арасында республикада алғаш болып Telegram әлеуметтік желісінде Presskrg ботын (автоматты жауап) іске қосты. Әзірше бұл бағдарлама тестік режимде жұмыс жасауда. Енді облыс тұрғындары бот арқылы шағым-өтініштерін ғана жіберіп қоймай, кезеккүттірмейтін сұрақтарын қоя алады. Мысалы: «Үй кезегіне тұру үшін қандай құжаттар қажет?» немесе «Әкімінің қабылдауына қалай жазыла аламын?». Ал жауап қас-қағым сәтте келіп түседі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Пайдалы ақпарат

ҚР Президентінің Жолдауы

ПРОФИЛАКТИКА ТУБЕРКУЛЕЗА
В настоящее время в мире ежегодно регистрируется только бациллярного туберкулеза до 10 млн. чел. и 4-5 млн. чел.
КГКП Областной противотуберкулезный диспансер
© 2011 Қарағанды облысының туберкулезге қарсы диспансері ММ
Интернет компания «Creatida»
© 2011 Әзірлеген және қолдаған:
«Creatida» Интернет-компаниясы